Қазақстандық педагогтар біліктілік тестілеуін тапсырды, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
ҚР білім және ғылым министрлігімен педагог мәртебесін жоғарылату мақсатында аттестаттаудың жаңа түрі енгізілген болатын. Тестілеу биылғы жылдың 3-5 қараша аралығында жүргізілді. Еліміздің барлық өңірлерінен 51 271 мұғалім "педагог-эксперт", "педагог-зерттеуші", "педагог-модератор", "педагог-шебер" санаттарын алу мақсатында тестілеуге қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті.
Орта білім беру ұйымдарының педагогтары Ұлттық біліктілік тестілеуін 36 ЖОО, 2 колледж және 27 мектепте ұйымдастырылған пунктілерде тапсырды. 34 185 педагог тестілеуді сәтті тапсырды, оның ішінде: "педагог-модератор" – 10346 (72%), "педагог-эксперт" - 12215 (65%), "педагог-зерттеуші" - 10957 (65%) және "педагог-шебер" - 667 (53%).