Қарағанды облысында, Алматы - Екатеринбург күре жолының 523-ші шақырымында Астана - Шымкент бағыты бойынша келе жатқан 51 жолаушысы бар автобус бұзылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің апаттар медицинасы орталығына сілтеме жасап.
Бұл жағдай туралы хабар "Сарышаған" трассалық медициналық-құтқару бекетінің диспетчеріне 2 қараша күні келіп түскен.
Жолаушыларды эвакуациялау және медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына "Сарышаған" ТМҚБ-нің дәрігер, фельдшер, құтқарушы және жүргізушіден құралған шұғыл әрекет ету бригадасы жіберілген.
Барлық жолаушылар тексеруден өткізіліп, олардан салқын тию белгілері, тұмау белгілері, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер табылған жоқ. Яғни, ешкімге шұғыл медициналық көмек көрсетудің қажеті болмаған.