516 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді

421

Жамбыл облысында 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1295 нысанды бейімдеу көзделген. 

516 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысында 577 әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бейімделді, оның ішінде 516-сы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай сәйкестендірілді.

Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдар аралығында бейімделуге жоспарланған 776 нысанның 577-сінде жергілікті атқарушы органдар бейімдеу шараларын жүргізді.

Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген бақылаудан кейінгі тексерулер барысында аталға 577 нысанның 516-сының толық бейімделгені расталды.

Мәселен, өңірде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына қол жетімді:

  • мемлекеттік мекемелер – 167 (113 әкімдік, 50 мемлекеттік мекемелер, 4 сот);
  • денсаулық сақтау нысандары – 78 (16 емхана, 23 аурухана, 4 медициналық орталық, 21 дәрігерлік амбулатория, 3 клиника, 1 түзету кабинеті, 2 медициналық пункт, 1 стоматология, 2 фельшерлік-акушерлік пункт, 5 дәріхана);
  • білім беру нысандары – 164 (138 мектеп, 2 университет, 12 колледж, 6 гимназия, 1 институт, 5 оқу орталығы);
  • әлеуметтік инфрақұрылымның өзге де нысандары – 107 (10 банк филиалы, 2 пошта бөлімшесі, 35 мәдениет үйі, 5 әлеуметтік оңалту орталығы, 6 әкімшілік, 2 сауда үйі, 1 қонақ үй, 1 автовокзал, 16 стадион, спорт кешені және т. б.);

61 нысан ішінара бейімделген деп танылды, олар бойынша 346 бұзушылық анықталды: есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 4; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 132; тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 107, кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 103.

Аталған бұзушылықтар осы жылдың соңына дейін толығымен жойылады, объектілердің меншік иелерімен бейімделу жөніндегі іс-шараларды аяқтау үшін түсіндіру және консультациялық жұмыстар жүргізіледі.

Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін тағы 199 нысанды бейімдеу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу