52 адамның қазасына себепкер тағы бір күдікті Өзбекстаннан экстрадицияланды

607

18 қаңтарда "Самара-Шымкент" тас жолының бойында Сарыағаштан Қазан қаласына бет алған 52 Өзбекстан азаматы өрт кезінде көліктен шыға алмай, қаза болған еді.  

52 адамның қазасына себепкер тағы бір күдікті Өзбекстаннан экстрадицияланды

52 өзбекстандық қаза болған автобус өртіне кінәлі тағы бір күдікті Өзбекстаннан экстрадицияланды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

"Бүгін Қазақстанның бас прокуратурасы мен ІІМ қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Өзбекстаннан Ордухан Мехтиевті экстрадициялады. Ұсталған адам биылғы жылдың қаңтар айында Ақтөбе облысында көлік құралының өртенуіне және 52 адамның қаза болуына әкеп соқтырған техникалық ақауы бар автобусты заңсыз пайдаланған деген күдікке ілінген, – делінген таратылған хабарламада.

Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған болатын. Себебі болған оқиғадан кейін ол көрші мемлекеттің аумағында жасырынып  жүрген.

 Бүгінгі күні Мехтиев Шымкентте тергеу изоляторында жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу