52 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды

993

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен 1-қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінді.

52 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды

"Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ-нің бұрынғы басшысы мен "№1 қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ РМК-ің бұрынғы бас дәрігеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар 2019 жылы S-сыныпты оториноларинголог дәрігерінің жұмыс орнына арналған жабдықты қымбат бағамен сатып алу арқылы 52 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде",– деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу