52 млрд теңге бөлінген кейбір жобалар жүзеге аспай қалуы мүмкін

725

Жеке жобалардың тапсырылу мерзімі 5 жылға кешіккен.

52 млрд теңге бөлінген кейбір жобалар жүзеге аспай қалуы мүмкін

Сенатта республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова осылай деді. 

"Биыл тиімділік призмасы арқылы мемлекеттік ресурстарды шығындау мәселесін пилоттық режимде тексеріп көрдік. Салынған мемлекеттік инвестициялардың экономикалық тиімділігіне талдау жүргізілді. Нақтырақ айтқанда экономиканың дамуына тікелей ықпал ететін шығындар бағаланды. Бұл тек даму бюджеті ғана емес, капиталдық шығындар мен субсидиялар мен несиелер. 2019 жылы мұндай шығындардың мөлшері республикалық бюджеттің 14% құрады. Дәл осы жинақ экономиканың өсімі үшін ресурстарды түрлендіруге мүмкіндік береді", – деді Наталья Годунова.

Оның сөзінше, құны 52 млрд теңгені құрайтын 43 жоба аяқталмаған. 

"Кейбір жобалар мүлде аяқталмайтын сияқты. Жеке жобалардың тапсырылу мерзімі 5 жылға кешіккен. Бұл фактор Мемлекет басшысының тиімді әлеуметтік-экономикалық жобаларды қаржыландыру туралы тапсырмасына қарама-қайшы келеді", – деді Наталья Годунова.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу