52 жолаушы мінген автобус аударылды

1104

52 жолаушы мінген автобус аударылды

Ақтөбе облысында автобус аударылып, тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы Қазақстан республикасы ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

2017 жылдың 22 маусым күні 10 сағат 20 минутта Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында "Самара-Шымкент" тасжолының 946 шақырымында, Қарабұтақ кентінен 20 шақырым жерде "Мерседес" маркілі 2 қабатты жолаушылар автобусы аударылды. Автобуста 52 адам болған, оның 50-і Өзбекстан азаматы және екеуі ҚР азаматы екендігі анықталды.

Автобус РФ Волгоград - Шымкент бағыты бойынша жүріп келе жатқан. Автобустың аударылуы салдарынан - 9 адам (Өзбекстан азаматтары) қаза тауып, 18 адам (17 Өзбекстан азаматы мен 1 ҚР азаматы) - ауруханаға жеткізілді; 25 адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. "Қауырт желі" телефондары ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу