520,8 мың адам мүгедектік бойынша жәрдемақы алады

857

2021 жылғы қаңтар-қараша айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 283,5 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты 74 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

520,8 мың адам мүгедектік бойынша жәрдемақы алады

Қараша айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 25,6 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша 7,6 млрд теңге жұмсалыпты.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, 1 желтоқсандағы жағдаймен алғанда 520,8 мың адам мүгедектік бойынша, 161,9 мың адам асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алып жүр.

Айта кетсек, мүгедектік және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектік жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 198 теңге, асыраушыдан айрылу жағдайында 46 050 теңге болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу