520 мың адам мемлекеттік қолдау шарасымен қамтылды

1135

520 мың адам мемлекеттік қолдау шарасымен қамтылды

Алматы облысының 1 мыңнан астам тұрғыны әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2016 жылы Алматы облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өңірлік кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде  мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (21,7 мың адам) және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (23,8 мың адам) қатарындағы 45,5 мың адам  қамтылды, бұл өңірдегі жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың жалпы санының 34,4 %-ын құрайды. Оның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларға 9 мың 983 адам жұмысқа орналасты;әлеуметтік жұмыс орындарына 1 мың 34 адам;жастар практикасына 1 мың 551 адам, қоғамдық жұмыстарға - 9 мың 109 адам, кәсітік оқытуға 1 мың 883 адам жіберілді, оның ішінде 391 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілді, 20 мың 639 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданбай жұмысқа орналасты. 1 мың 302 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін микрокредит алды.

2016 жылы республика бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде  мемлекеттік қолдау шараларымен 520 мың адам  қамтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу