522 шаруашылық сиыр еті бойынша субсидиямен қамтылды

905

522 шаруашылық сиыр еті бойынша субсидиямен қамтылды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Қарағанды облысындағы ел тұрғындарымен есептік кездесуінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының мал шаруашылығы бойынша іске асырылу барысын әңгімеледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мал шаруашылығында жоспарланған индикаторларға қол жеткізу үшін субсидиялау өлшемшарттары айтарлықтай өзгертілді, бұл субсидия алушылар санын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бұл соңында өнім көлемінің ұлғаюынан көрінетін болады:

- сиыр еті бойынша, егер бұрын субсидияны 175 шаруашылық алса, бүгінгі таңда субсидиямен қамту 522 шаруашылықты немесе 100 пайызды құрайды;

- сүт бойынша субсидия алушылар 2 есеге, яғни 269-дан 532 шаруашылыққа дейін;

- қой еті бойынша субсидия алушылар 1,3 есеге, яғни 180-нен 234 шаруашылыққа дейін;

- жүн бойынша субсидия алушылар 3,6 есеге, яғни 50-ден 180 шаруашылыққа дейін ұлғайды.

Мұның барлығы бұрынғы бюджет шеңберінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу