Павлодардағы жаңа үйлердің есігі тар

1160

Павлодардағы жаңа үйлердің есігі тар

Павлодарда жаңадан салынып жатқан үйлердің есігі мүгедектерге арналған арбаға сай келмейді, яғни көлемі тар болып шықты. Бұл туралы өңірлік мүгедектер қоғамының төрағасы Георгий Четвериков айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz 
"Есіктің көлемі құрылыс нормалары мен ережелерінде 20 жылдан бері шегеленіп көрсетілген. Жуыну бөлмесіне кіретін есіктің ені 80 сантиметрден кем болмауы керек. Көктемде Ломов, 132/1 мекенжайында бірінші қабатында техникалық мектебі бар үй пайдалануға берілді. Оны көруге бәрі келді, бірақ, ішіне кірді ме, жоқ па, білмедім. Бір танысым сол үйден пәтер алды. Дәретхана мен жуыну бөлмелеріне кіретін есіктің ені 60 см. Ал, біздің арбамыздың ені - 75 см. Ереже бар, норма бар, бірақ, неліктен сәулетшілер оны назарға алмайды. Бұдан бөлек, басқа да үйлер салынып жатыр, мұнда да дәл солай. 60 см - бұл үнемдеу ме, қалай?", - деп наразылығын білдірді Георгий Четвериков. 
Қалалық мәслихаттың хатшысы Зәуреш Мұқашеваның ойынша, бұл үйлер жеңілдігі бар адамдарға арналған болуы ықтимал, ал, пәтер алу кезегінде мүмкіндігі шектеулі жандар болмағандықтан баспана солай салынған. 
"Биыл біз сәулет бөлімінде жобалық ғимараттарда жарамсыз алты құрылыс нормасын қолданып жүргенін анықтадық, - дейді "Доступный Павлодар" жобасының басшысы Александра Бобкова. - Ыңғайлы есіктер осыдан кейін қайдан болады? Бөлмеге кірердегі есіктің ені барлық жерде бірдей болу керек. Олар құжаттардың қалай өзгеріп жатқанын білмейді ме? Біз бес ай бұрын хат жазған болатынбыз, жауабы әлі келмеді".
Кездесу соңында мұндай шараларды тоқсан сайын өткізу ұсынылды. Құрылыс нормалары мен ережері және салынып жатқан үйлер туралы сұрақ шешімін таппағандықтан, келесі отырысқа сәулетшілер мен құрылыс компанияларының басшысы шақыртылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу