526 кәсіпкерге қатысты заң бұзушылық әшкереленді

171

Прокуратура араласқаннан кейін 9,4 млрд теңгелік жобаларды жүзеге асырып жатқан инвесторлардың құқықтары қорғалды.  

526 кәсіпкерге қатысты заң бұзушылық әшкереленді Фото: gov.kz

Талдықорған қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, түрлі салада жобаларды жүзеге асырып жатқан 10 инвестордың құқықтары қорғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл жобаларға шамамен 9,4 млрд теңге инвестиция тартылып, 480-ге жуық жұмыс орны құрылған.

Тексеру барысында "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ-ның газбен жабдықтау шарттарында заң талаптарына сәйкес келмейтін нормалар болғаны анықталды. Атап айтқанда, құжаттарда төлем мерзімі өткен әр күн үшін шекті мөлшері көрсетілмеген өсімпұл қарастырылған.  Шарттарда мерзімі өткен әрбір күн үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшерінде, ең жоғары шегі белгіленбеген өсімпұл есептеу көзделгені белгілі болған.

Прокуратураның араласуынан кейін газ жеткізуші компания шарт талаптарын заңнамаға сәйкестендірді.

Сонымен қатар мұндай заң бұзушылықтар тек инвесторларға ғана емес, өңірдегі тағы 526 кәсіпкерге қатысты болғаны белгілі болды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде барлық кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалып, заңға қайшы талаптар жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу