Италияның Наполи қаласында өткен әлем біріншілігінде джиу-джитсудың "комбат" және "греплинг" түрінен мықтылар анықталды, деп хабарлайды 24.kz.
Қазақ елінің атынан тоғыз спортшы сынға түсіп, сегізі жүлделі болды.
Диас Еренғайыпов джиу-джитсудың екі түрінен де топ жарды. 65 келі салмақта сайысқа шыққан астаналық спортшы қарсыластарын айқын ұтты. Бұл – Диастың әлемдік сындағы алғашқы жүлдесі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу