53 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне алғаш рет қосылады

122

10 өңірде топтық су құбыры нысандарын салу бойынша 31 жоба іске асырылып жатыр. 

53 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне алғаш рет қосылады Фото: pexels.com

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 53 елді мекенге орталықтандырылған ауыз су жүйесі алғаш рет қосылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Су инфрақұрылымын жақсарту мақсатында министірлік ағымдағы жылы 10 өңірде топтық су құбыры нысандарын салу және қайта жаңарту бойынша  31 жобаны іске асыруда. Аталған өңірлер: Ақмола, Атырау, Алматы, Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары", – деді министр.

Нұржан Нұржігітовтің сөзінше, аталған 31 жобаны толық іске асыру нәтижесінде 2,6 мың км-ден астам су құбыры салынады.

"Бұл 1,3 млн халық тұратын 468 елді мекеннің сумен жабдықтау сапасын жақсартады. Сонымен қатар, 53 елді мекенге орталықтандырылған ауыз су жүйесі алғаш рет қосылатын болады", – деді ведомство басшысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу