53 мың медицина қызметкеріне маусым айы үшін үстемеақы төленеді

1065

Егер наурыз айында үстемеақыны 19 мыңнан астам қызметкер алса, мамыр айында олардың саны 40 мың адамға дейін өсті. 

53 мың медицина қызметкеріне маусым айы үшін үстемеақы төленеді

Қазақстанда COVID-19 қарсы күреске қатысқан 53 мың медицина қызметкеріне маусым айы үшін үстеме ақы төленуде, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

"Үстеме ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен Медициналық сақтандыру қорына 35,7 млрд теңге бөлінді. Қор қаржы операторы ретінде медицина қызметкерлерінің наурыздан маусым айы аралығында жалақысына қосымша 32 млрд астам теңге төледі",– жеп жазылған хабарламада.

Медициналық сақтандыру қорының дерегінше, егер наурыз айында үстемеақыны 19 мыңнан астам қызметкер алса, мамыр айында олардың саны 40 мың адамға дейін өсті. Енді ӘМСҚ маусым айына төлем жасайды.

Коронавирус бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және көтермелеу үшін жалақыға үстемеақы қарастырылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тәуекел топтар, алушылардың тізімін қалыптастыру тәртібі және төлемдер мөлшері анықталып, тәуекел тобына байланысты медицина қызметкерлеріне 212 мың теңгеден (5 АЕК) 850 мың теңгеге дейін (20 АЕК) қосымша ақы берілген.

Естеріңізге сала кетейік, үстеме ақы алушылар тізімін жедел штаб жанынан құрылған өңірлік комиссия жасақтайды. Комиссия төрағасы әкімдердің орынбасарлары, сондай-ақ, оның құрамына Медициналық сақтандыру қоры филиалдарының қызметкерлері, өңірлік мемлекеттік бас санитарлық дәрігер, Денсаулық сақтау басқармаларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Ал, Медициналық сақтандыру қоры тізім бойынша деректердің Денсаулық сақтау министрінің "COVID-19 коронавируспен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдаудағы кейбір мәселелер туралы" бұйрығына сәйкестігін тексереді. Егер медициналық қызметкерлерінде үстеме ақыға қатысты сұрақтар туындаса, өңірлік комиссияға жүгінуі қажет. Коронавируқа шалдыққан медицина қызметкерлеріне қосымша қаржыны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өңірлік комиссия шешімі негізіндегі Денсаулық сақтау басқармаларының өтініші бойныша төлейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу