54 гектар есірткі алқабы табылған

1184

Қызылордалық полицейлер есірткі айналымын анықтай алмай отыр.

54 гектар есірткі алқабы табылған

Соңғы екі жылда Қызылорда да 54 гектар есірткі алқабы табылған. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, оны сататын орындарды анықтау көрсеткіші керісінше төмендеген.

Жастар арасында есірткі айналымы, дәрі-дәрмектердің ұрлануы көп жағдайда анықталмайды.

"Жедел іс-шаралар жүргізу үшін облыстық полиция департаментінің техникалық мүмкіндігі талапқа сай емес. Соның салдарынан құқық қорғау және арнаулы органдар тарапынан есірткі тасымалдау каналдары, ішкі нарық пен республиканың басқа аумақтарын есірткімен қамтамасыз ететін ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметтерін әшкерелеу мүмкін болмай отыр", – делінген хабарламада.

Нұрбек Дәуренбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу