54 мың нұрсұлтандық 15 мың теңгеден өтемақы алады

990

Коммуналдық шығын өтемақысы Smart Astana жүйесі арқылы рәсімделеді. 

54 мың нұрсұлтандық 15 мың теңгеден өтемақы алады

Төтенше жағдай кезеңінде әлемуеттің әлсіз тобына жататын елорда тұрғындарына коммуналдық өтемақылар төленеді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің айтуынша белгіленген 7 санатқа кіретін 54 мың астаналық бар. 

"Үкіметтің арнайы нұсқау ережесі шықты. Сол ережеге сәйкес арнайы штабпен осы мәселені қарастырып жатырмыз. 54 мыңдай адамға бүгінгі таңда осы 15 мың теңгелік коммуналдық өтемақыны беру мүмкіндігін жасап жатырмыз. Қазіргі таңда электронды жүйеде Smart Astana қосымшасы арқылы 42 500 теңге берген жолмен штаб алгоритмін жасаймыз. 1-2 күннің ішінде БАҚ арқылы азаматтарға қай жаққа бару керек, қандай ақпарат ұсыну қажет деген сияқты сұрақтарға жауап беретін арнайы реттеу шараларын ұйымдастырамыз. Оның бәрі Smart Astana базасында жасалады", – деді ол.

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу