54 жыл бұрын мыңдаған адамды ажал құштырған жанартау жақын арада атқылауы мүмкін

1166

54 жыл бұрын мыңдаған адамды ажал құштырған жанартау жақын арада атқылауы мүмкін

Бали аралындағы Агунг жанартауы жақын арада атқылауы мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

Қазір жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланып жатыр. Жергілікті билік туристерді елден шықпауын ескертті.

Айта кетейік, Агунг осыдан 54 жыл бұрын атқылаған еді. Ол 10 шақырым биіктікке күл шашып, бір жыл бойы белсенділік танытқан. Соның салдарынан мыңдаған адам ажал құшты. Дегенмен қазіргі билік апатқа сақадай сай екендігін көрсетті.

Жанартау күшіне мінгенде, дереу хабар беретін құрылғылар іске қосулы. Және де жедел эвакуация жасау үшін арнайы аэродромдармен қатар адамдарды қауіпсіз жерге тасымалдайтын автобустар да жұмыс істеп жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу