55 млн теңге дауы шешіліп инвестордың қаражаты қайтарылды

350

Жел электр станциясы жобасындағы компанияның құқықтары ұзақ уақыттан кейін қалпына келтірілді.  

55 млн теңге дауы шешіліп инвестордың қаражаты қайтарылды Фото: informburo.kz

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асырып жатқан "Mezgilder Qushteri" ЖШС-нің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Инвестор құқығының бұзылуы кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау кезінде заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау барысында анықталған.

Анықталғандай, компания 2025 жылдың шілде айынан бастап импортталған жабдықтар бойынша артық төленген қосылған құн салығын қайтару мәселесімен мемлекеттік кірістер органына бірнеше рет жүгінген. Алайда барлық қажетті құжаттар ұсынылғанына және қайта-қайта өтініш берілгеніне қарамастан, мәселе ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған.

Салық кодексінің талаптарына сәйкес, салық берешегі болмаған жағдайда артық төленген сома салық төлеушінің өтініші негізінде заңда белгіленген мерзімдерде қайтарылуға тиіс.

Осыған байланысты қала прокуратурасы инвестордың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу