55 мың теңге пара алғаны үшін 3,3 миллион теңге айыппұл салынды

1141

55 мың теңге пара алғаны үшін 3,3 миллион теңге айыппұл салынды

Петропавлда сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы басшысы Ержан Қасентаевқа 55 мың теңге пара алғаны үшін 3,3 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

"Петропавл қалалық сотының үкімімен Қасентаевқа алған пара сомасынан 60 есе көп айыппұл салынып, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды", - дейді СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаменті тергеу басқармасының басшысы Асылбек Ідрісов.

Оның айтуынша, Қасентаев биыл наурыз айында жергілікті тұрғыннан қызыл желінің ар жағынан үй салуға рұқсат бергені үшін 55 мың теңге пара алу үстінде ұсталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу