Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің халық алдында есеп беру кездесуінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылар 7 жылға дейін мерзімге мөлшерлемесі 4%-дан жеңілдетілген несие алуына болатынын айтты. Сондай-ақ, қайтарымсыз гранттар да қарастырылған.
"Былтырғы жылы "Еңбек" бағдарламасына өзгерістер енгіздік. Жұмыстармен қоса шағын несиелер де алуға болады. Сол несиені 22 млн теңгеге дейін аз қамтылған отбасылар, көпбалалы отбасылар алуына болады. Несиенің мөлшерлемесі барлығы үшін 6% болса, бұл жанұяларға – 4%. Ал мерзімі 5 жылға дейін емес, 7 жылға дейін. Кепілзаты болмаған азаматтарға кейбір жағдайда 95%-ға дейін мемлекет тарапынан кепілдеме беріледі. Тағы да 555 мың теңгеден қайтарымсыз, тегін гранттарымыз бар. Өзінің шағын микробизнесімен айналысқысы келген көпбалалы аз қамтылған жанұядағы кісілер "Бизнес бастау" оқуын өтпей-ақ осы гранттарға ие болады", – деп мәлім етті министр.
Нұржан Көшкін