Осыған байланысты 56 адам жалпы сомасы 440 миллиард теңгені шет елге шығарды деп күдікке ілінді.
Бұл қаражатқа қоса тағы 12 миллиард теңгеге қосымша салықтар есептелген. Құзырлы орган қызметкерлері 2019-2021 жылдар аралығындағы қаражаттың шет елге шығуына талдау жасаған.
Қазір салық бойынша 29 тексеру жүргізілуде. 271 миллиард теңгенің операциялары қарастырылып жатыр. Биыл ақпан айында үкімет шет елдегі капиталды қайтаруды ынталандыру тетіктерін әзірлеу жөнінде комиссия құрған.
Комиссия 5 бағыт бойынша жұмыс істейді. Әр бағытында арнайы құрылған топ қызмет етеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу