56 қылмыстық іс қозғалды

818

Балықтың табиғи өсімін қамтамасыз ету үшін браконьерлерге қарсы ымырасыз күрес жарияланды.  

56 қылмыстық іс қозғалды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жыл басынан бері мемлекеттік инспекторлар 1 800 әкімшілік-құқықбұзушылықты анықтап, балық аулау талабына қайшы әрекет еткен азаматтарға 23 млн теңге айыппұл салды", – деді комитет төрағасы.

Нариман Жүнісовтің сөзінше, жыл сайын Балықты заңсыз аулаудың алу мақсатында "Бекіре" операциясы ұйымдастырылады.

"Шара шеңберінде 862 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, 56 қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушыларға 15,4 млн теңге айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 31 тонна балық тәркіленді. Браконьерлерден 851 ау, 68 қайық, 21 көлік құралы алынды" – деді комитет төрағасы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу