56 жобаға 250 млн теңге қаржы бөлінді

1524

Олардың дені машина жасау және жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар. Бұл туралы "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

56 жобаға 250 млн теңге қаржы бөлінді

"Жұмысымыздың басты бағыты – өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын тікелей қолдау. Біздің АҚ өнеркәсіптік кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыруға бағытталған қолдау шараларын ұсыну бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің операторы болып табылады. Мемлекеттік ынталандыру шаралары отандық бизнеске шетелдік мамандарды тартуға, өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, монтаж жүргізуге, жабдықты іске қосуға, басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге, аудит жүргізуге, өнімді сертификаттауға мүмкіндік береді. Өтінімдер www.qazindustry.gov.kz сайтында жыл бойы қабылданады. Жыл басынан бері жалпы сомасы 250 млн теңгеден асатын 56 өтінім бойынша шығындар өтелді. Жобалардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында. Салалар бойынша машина жасау және жеңіл өнеркәсіп жобалары көш бастап тұр", – деді спикер. 

Сондай-ақ Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы отандық өнеркәсіпті цифрлық трансформациялауға жәрдемдеседі. Бұл жұмыс шеңберінде процестер, технологиялар мен жабдықтарды қоса алғанда, кәсіпорындардың негізгі проблемалары талданады, цифрлық стратегиялар әзірленеді. 

"Бүгінде төрт кәсіпорын бойынша өндірістік бизнес-процестердің карталары әзірленді, бұл кәсіпорындардың уақыт және еңбек ресурстарын оңтайландыруға және қысқартуға мүмкіндік береді", – деп түйіндеді акционерлік қоғам басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу