57 ғалым саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісімен айналысып жатыр

814

Білім және ғылым министрі саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып бекітілді. 

57 ғалым саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісімен айналысып жатыр

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

Министрдің мәлімдеуінше, жазықсыз сотталғандар мен қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтау ісіне академиктер, ғылыми зерттеу институттарының жетекші ғалымдары, өңірлердегі жоғары оқу орындарының қызметкерлері жұмылдырылып жатыр. 

"11 бағыт бойынша жұмыс тобын ұйымдастырдық. 11 топта 57 ғалым жұмыс істеп жатыр", – деді Асхат Аймағамбетов.

Оның пікірінше, ғалымдар бірнеше жылдан бері осы мәселемен 
айналысып келеді. 

"Ғалымдар үшін тиісті жағдай жасап жатырмыз. Университеттерде істейтін ғалымдарды бөгде жұмыстан босатып, тек қана белгіленген міндетке жұмылдырудамы. Аймақтарда да жұмыс топтары мен комиссиялар құрылды. Оның құрамына облыс әкімдерінің орынбасарлары, депутаттар, өлкетанушылар, ғалымдар, қоғам белсенділері атсалысуда", – деді министр. 

Сөз арассында ол іс барысында әдістемелік мәселелерді анықтау аса маңызды екенін тілге тиек етті. 

"Ғалымдарымыз арнайы әдістемелік мәселеге тоқталып, қаралатын проблемаларды анықтап, тиісті жұмыстарды аяқтады. Қажетті анықтамалар мен кітапшалар жасалып, таратылды. Ең бастысы, бұл бағыттағы қадам ғылыми негізде, мұрағат дерекгіне сүйене отырып жасалуы керек. Ғалымдарға мұрағаттарда жұмыс істеу үшін рұқсатнама қажет болды, осыған орай тиісті іс-шара ұйымдастырылды", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу