Еліміздің батысында 57 млрд теңгеге жаңа туристік кешен салынады. Оны келесі 2020 жылдың төртінші тоқсанына дейін Ақтау қаласынан 19 шақырым жерде тұрғызу жоспарлануда, деп хабарлайды Atameken Business.
Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының хабарлауынша, жобаға түрік компаниясы инвестиция салады. Кешен үшін 16 гектар жер бөлініп отыр.
Жоба іске асса ең азы 800, ал ең көбі 1250 адам жұмыспен қамтылатын болады деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу