570 қой ұрлаған бақташы ұсталды

914

Мал иесінене 28, 5 миллион теңге көлемінде шығын келген.

570 қой ұрлаған бақташы ұсталды

Түркістан облысында мал ұрлаған бақташы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын отар қойының ішінен 570 бас қойының жоғалғанына арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, биыл сәуір айында ол малын жергілікті тұрғынға бағуға сеніп тапсырған. Алайда үш айдан соң санағанда, түгел болмай шыққан.

"Бұл жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету" бойынша СДТТБТ-да тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Шардара АПБ полиция қызметкерлері қой ұрлауға қатысы бар бақташыны, яғни Шардара ауданының тұрғынын құрықтады",– деп жазылған ақпаратта.

Анықталғандай, күдікті қойларды сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жәбірленушіге 28, 5 миллион теңге көлемінде шығын келген деп бағаланды.

"Қазіргі уақытта бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтауда",– дейдіполициядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу