576 қазақстандық кәсіпорын Қытайға өнім экспорттай алады

660

14 кәсіпорны онлайн-тексеруден өтті. 

576 қазақстандық кәсіпорын Қытайға өнім экспорттай алады

ҚХР Бас кедендік басқармасының тізіміне отандық 576 кәсіпорын енгізілді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігіның баспасөз қызметі. 

"Бұл оларға АӨК өнімдерін тұтынудың зор әлеуетіне ие Қытай нарығына кедергісіз отандық өнімдерді экспорттау құқығын береді", – деп жазылған хабарламада. 

Еске сала кетсек, коронавирус пандемиясы жағдайында кәсіпорындардың шетелдік мамандармен көшпелі инспекциясын жүргізу қиын болғандықтан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР Бас кеден басқармасымен тексерісті қашықтықтан жүргізудің алгоритмін әзірлеген болатын. Алғашқы онлайн-тексеруден 14 ет өңдеу кәсіпорны өтті.

Сонымен қатар, қыркүйек айының басында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының кеден басқармасы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын жеңілдету мүмкіндіктерін қарастырды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу