58 адамды алдап кеткен қызылордалық азаматқа үкім шықты

1126

Қылмыскер 2016-2018 жылдар аралығында жергілікті тұрғындарды алдап, ақша алған. 

 58 адамды алдап кеткен қызылордалық азаматқа үкім шықты

Қызылордада пәтер алып беремін деген желеумен 58 адамды алдап кеткен азамат бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алаяқтықпен айналысқан әйел 2016-2018 жылдар аралығында жергілікті тұрғындардан ақша алдап алған. Ол тұрғындарға Қызылорда қаласының аумағынан салынып жатқан тұрғын үйлерден пәтер алып беретінін айтқан. Соның салдарынан жәбірленушілерге 66 млн теңгеден астам мөлшерде шығын келтірген.

"Ол алаяқтық қылмысы үшін сот жауап беріп 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды",–деді Қызылорда облыстық прокуратурасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу