"58 күн емдеген": 9-қабаттан құлаған қазақстандық қыз аман қалды

17 жастағы қызға Алматы орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлері бірнеше рет ота жасаған.   

"58 күн емдеген": 9-қабаттан құлаған қазақстандық қыз аман қалды Фото: Kursiv Media

Науқас ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Оған II дәрежелі кома, травмалық және геморрагиялық шок, аяқ-қолдардың, омыртқа мен жамбастың көптеген сынықтары, сондай-ақ кеуде қуысының ауыр жарақаты диагнозы қойылды. Ең күрделі зақымдардың бірі – диафрагманың жыртылуы. Соның салдарынан асқазан, көкбауыр және ішектің бір бөлігі кеуде қуысына ығысқан, – делінген хабарламада. 

Хирургтер шұғыл түрде күрделі ота жасап, барлық ауыр зақымды қалпына келтірген. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы біршама реттелген. Отадан соң қыз 12 тәулік бойы жансақтау бөлімінде ем қабылдаған. 

Кейіннен оған сүйек пен буынды қалпына келтіруге бағытталған тағы 4 ота жасалып отыр. Жалпы емдеу курсы 58 күнге созылды. Қазір қыз ауруханадан шығарылып, оңалту курсынан өтуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу