58 шетелдік елден шығарылды

666

Республикада көші-қон заңнамасын бұзудың 14 116 фактісі анықталды. 

58 шетелдік елден шығарылды

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен жыл басында ҚР ӘҚбК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша бес жыл мерзімге ел шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған 1984 жылы туған А.есімді азамат анықталды. Алайда құқық бұзушы бұл талапты орындамады, содан кейін сот Қазақстан Республикасынан мәжбүрлеп шығарумен қозғалыс еркіндігін шектеу туралы шешім шығарды. 

Еске сала кетсек, Алматыда “Келімсек” іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шараның алты күнінің ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 1 мың 295 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 1 мың 036-сы – шетел азаматтары. 

“58 шетел азаматы елден шығарылды. Сонымен қатар заңды елемеген қандастарымызға қатысты да әкімшілік шаралар қолданылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдамағаны үшін қабылдаушы 235 адам жауапкершілікке тартылды, ал шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзғаны үшін 24 жұмыс берушіге айыппұл салынды”, – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.

11-18 қазан аралығында елімізде “Нелегал Кордон” өңірлік опеарциясының екінші кезеңі өтті. Полиция қызметкерлері шетелдіктер тығыз тұратын орындарды, тұрғын үй секторларын, құрылыс алаңдарын, базарларды, шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс беруішілерді тексеріп шықты. 

“Операция барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 14 116 фактісі анықталды. Оның ішінде 10 282 шетелдік елде жүріп-тұру мерзімін бұзған. Сонымен қатар шетелдіктердің еңбек қызметімен заңсыз айналысуының 3 641 фактісі анықталды”, – деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Омаров Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында. 

Оның айтуынша, 613 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны, 5 453 заңды және жеке тұлға полицияға өздеріне шетелдіктердің келгені туралы ақпаратты дер уақытында бермегені және 53 шетелдік қайыр сұрағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу