Қазақстаннан Ресейге заңсыз алып өтпек болған жалпы салмағы 58 тонна болатын өсімдік өнімдерінің бірнеше партиясы ұсталды. Бұл туралы Россельхознадзор-ға сілтемемен Интерфакс-Қазақстан хабарлайды.
"Омбы облысының Россельхознадзор басқармасының Ресей ФҚҚ-ның Омбы облысы бойынша шекара басқармасы қызметкерлерінен алған ақпары негізінде, 1-9 сәуір аралығында Ресей аумағына Қазақстаннан жоғары фитоқаупі бар карантин саналатын өнімнің (мандарин, сәбіз, алма) бірнеше партиясын заңсыз өткізбек болғандар ұсталған. Жалпы салмағы 58 тонна болатын жүк тиелген көліктер РФ мемлекеттік шекарасының ресей-қазақстан учаскесінде тоқтатылған. Өнім Пәкістан мен Қазақстанда өндірілген", – деп көрсетілген ақпарда.
Карантин саналтын өнімді РФ аумағына алып өту ережесін бұзу фактісі бойынша тасымалдаушылар РФ ӘҚК-ның 10.2-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған.