586 пәтері бар депутат

32991

586 пәтері бар депутат

Украинада мемлекеттік декларацияны жариялау барысында бір басында 586 пәтері бар депутат анықталған. Ирпень қалалық кеңесінің мүшесі Игорь Оверко бірыңғай мемлекеттік тексеруге дейін оның 400-ін сатып үлгеріпті.

Ресми құжатта одан түскен табыс 51,9 млн гривна, яғни 2 млн АҚШ доллар болғаны көрсетілген. Сөйтіп, саясатер меншігінде енді небәрі 186 пәтер ғана қалыпты. Ақпаратты РБК телеаранасы Рада құжатына сілтеме жасап таратып отыр.

Көпқабатты жылжымайтын мүліктен бөлек, Оверконың меншігінде 4 котедж бен 18 жер учаскесі бар екен. Негізі, Игорь Оверко Украинадағы танымал кәсіпкердің бірі, жеке құрылыс фирмасының қожайыны.

Дегенмен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросы мұнша мүліктің қайдан келгенін анықтап жатыр. Ал Оверконың өзі заң бұзбадым деп түсініктеме берген.

Автор: Кәусар Аяпберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу