59 мыңға жуық қазақстандық "Sputnik V" вакцинасын салдырды

846

18 431 адам вакцинаның екінші компонентін алған. 

59 мыңға жуық қазақстандық "Sputnik V" вакцинасын салдырды

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Қазақстанда 59 мыңға жуық адам Sputnik V COVID-19 вакцинасының бірінші компонентімен вакцинацияланды, деп жазады inbusiness.kz .

"2021 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша 58 796 адам "Sputnik V" вакцинасының бірінші компонентін алды. Олардың ішінде 40 мыңнан астам медицина қызметкерлері және 5 мыңнан астам мұғалімдер бар", – деді Ержан Байтанаев.

1 ақпанда Қазақстанда Ресейде шығарылған ресейлік "Sputnik V" вакцинасымен коронавирусқа қарсы халықты кезең-кезеңімен егу басталды, 23 ақпаннан бастап вакцинация процесіне Қарағандыда шығарылған препарат қосылды. Наурыз-сәуір айларында вакцинацияны отандық вакцинамен бастау жоспарланып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу