Биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G интернет желісі орнатылады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Жедел желі" бағдарламасында айтты.
"Бағасы кішкене өсуі мүмкін. Операторлар әділетті баға қояды деп сенеміз. Оған бақылау жүргізетін арнайы ведомствалар бар. Бірақ, айта кету керек, Қазақстан интернет бағасы ең арзан мемлекеттер қатарында",-деді Бағдат Мусин.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу