Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Әзірге негізгі міндет – облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларды қамтамасыз ету. Жыл соңына дейін 600-700-ге жуық базалық стансаларды орнату жоспарланған болатын. Бірақ та, 5G енгізу бойынша аукционында жеңіске жеткен операторлар бұл жоспарды өзгертті. Осылайша мыңға жуық базалық станциялар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орнатылатын болады.
Сонымен қатар министр бірқатар өңірде бірнеше базалық станция орнатылатынын да жеткізді. Оның сөзінше, бұл халықтың жаңа технологияларды қолданып көруге қажет.
"Өздеріңізге белгілі, республика бойынша 2027 жылға дейін барлық облыс орталығын қамту мақсаты тұрған еді. Бірақ байланыс операторлары бұл жоспарды қайта қарастырып жатыр. Яғни 5G байланыс стандарттарын ұсыну бойынша жобаны 2026 жылдың соңына дейін жүзеге асыру туралы жоспарлауда", - деді министр.