Қазіргі таңда халыққа 19 төлем жүйесі қызмет көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қаржы реттеушісінің қаржы нарығындағы ахуалы туралы есебіне сілтеме жасап.
"2021 жылғы маусымда Ұлттық банктің банкаралық ақша аудару және банкаралық клиринг жүйелері арқылы 68,2 трлн теңгеге 4,7 млн транзакция жасалды. 2021 жылғы 1 шілдеде 21 банк пен "Қазпошта" АҚ Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығарды. Эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 54 млн бірлік болды. Оның ішінде 2021 жылғы мамырда төлем карточкаларының 48,2%-ы қолма-қол ақшасыз операцияларды және қолма-қол ақшаны алу операцияларын жүргізу үшін пайдаланылды", – деп жазды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып 2021 жылғы маусымда 8,4 трлн теңгеге 533,3 млн транзакция жүргізілді. Қолма-қол ақшасыз төлем операцияларының үлесі 95,4%-ға немесе 508,7 млн теңгеге жетті. Есептік кезеңде қолма-қол ақшасыз операция көлемінің үлесі 74,4%-ды немесе 6,2 трлн теңгені құрады.
Қанат Махамбет