6,5 миллион теңге салынған пакетін таксиде ұмытып кеткен

1228

Зейнеткердің айтуынша, қаладағы банктердің бірінен ірі сомадағы қаражатын алып, көшеге шығып, таксиге отырған. Зейнеткер таксидің артқы орындығына ақша толы пакетін ұмытып, көліктен түсіп кеткен. 

6,5 миллион теңге салынған пакетін таксиде ұмытып кеткен

Астана полицейлері 6,5 млн теңгесін жоғалтқан зейнеткерге ақшасын тауып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Қалалық ІІД-ге "Байқоңыр" ауданының 70 жастағы тұрғыны хабарласқан. Ол такси салонында ірі сомадағы ақшасын ұмытып кеткенін хабарлаған. Зейнеткердің айтуынша, қаладағы банктердің бірінен ірі сомадағы қаражатын алып, көшеге шығып, ақ түсті таксиге отырған. Жететін жеріне жеткеннен кейін зейнеткер таксидің артқы орындығына ақша толы пакетін ұмытып, көліктен түсіп кеткен. Осыдан кейін зейнеткер полицияға хабар берді", - делінген хабарламада.

Полицейлер видеобақылау арқылы ақ түсті "Хонда" маркалы көліктің әлгі әйелді жеткізгенін анықтайды. Такси жүргізушісі полицияға жеткізіліп, оның көлігінің артқы орындығынан ақша толы пакет жатқаны анықталған.

"Ақшасын қайта тапқан зейнеткер полицейлерге кәсібиліктері үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері оған қиын жағдайда көмектесіп, ақша салынған жоғалған пакетін жедел тауып, қайтарып берді", - деп атап өтті ІІД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу