6,5 млн теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

275

Алматыда 189 рет жол ережесін бұзып, 6,5 млн теңгеден астам айыппұл арқалаған азамат анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

6,5 млн теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші ұсталды Фото: Алматы ПД

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жалған мемлекеттік нөмір тағып алған Zeekr автокөлігі Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында ұсталды.

"Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 миллион 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу бойынша жиналған айыппұл. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев. 

Тәртіп сақшылары азаматтарға жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу