6,5 млн тоннаға жуық бидай экспортқа шығарылуы мүмкін

916

Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин әлем бойынша егін ору науқаны қиын жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

6,5 млн тоннаға жуық бидай экспортқа шығарылуы мүмкін

"Өздеріңізге мәлім, ауа райының қолайсыз болуы – астық шығымының төмендеуіне ықпал етті. Биыл дәнді дақылдар мен майлы дақылдан 18 млн тонна, соның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдан 16 млн тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Бүгінге дейін егін жинау жұмысы 95%-ға орындалды", – деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы құрғақшылықтың салдарынан бидай көлемі азайса да, 
бидайға деген ішкі қажеттілік толық қамтамасыз етілгенін жариялады. 

"6-6,5  млн тоннаға жуық бидайды экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар.
Астықтың сапалық көрсеткіші айтарлықтай жоғары", – деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында "Азық-түлік корпорациясына" бидай жеткізуді қамтамасыз ету қажет.

"Облыс әкімдіктері мен Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинауды аса қысқа мерзімде аяқтауға тиіс. 2022 жылға қажет болатын тұқым қорын  қамтамасыз ету қажет. Индустрия министрлігі "Қазақстан темір жолы" компаниясымен бірге астықты тұрақты тасымалдау үшін жылжымалы құраммен қамтамасыз ету шарасын қабылдасын!" – деп қорытты сөзін Асқар Мамин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу