6,5 мың шетел азаматының визасы ұзартылды

811

Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз шетелдіктердің ел аумағында уақытша жүріп-тұруын заңдастыру мерзімі 5 маусымда аяқталатынын айтты. 

6,5 мың шетел азаматының визасы ұзартылды

Пандемияға байланысты рұқсат беру мерзімі ведомствоаралық комиссияның шешімімен 2020 жылғы желтоқсанда ұзартылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бесінші маусымда Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің уақытша жүріп-тұру мерзімі аяқталады. Ішкі істер органдары шетелдіктердің жүріп-тұруын заңдастыру немесе азаматтығы бар елге кедергісіз қайтаруға қатысты шара қолданады. Сонымен қатар карантин кезеңінде адамдарға елден кету тәртібін түсіндіреді", – деді Нұрділдә Ораз 

Оның сөзінше, 460 мың шетелдік Қазақстанда жүріп-тұруын заңдастырды. 
Полиция оларға Қазақстана уақытша тұруға, жұмыс істеуге, оқуға, емделуге рұқсат берді. 

"6,5 мың адамға берілген виза мерзімі ұзартылды. 560 мың шетелдік өз еліне  кетті. Ресейден Орталық Азия елдерінің 35 мың азаматының транзиттік сапары ұйымдастырылды", – деді министрдің кеңесшісі.

Біле жүріңіз, Қазақстанда уақытша жүріп-тұру мерзімі аяқталған соң шетелдіктер өз елдеріне оралуға немесе біздің елде қалуын заңдастырып, визасы мен ықтиярхатының уақытын ұзартуға тиіс. 

"Әкімшілік жауапкершілікке тартылмас үшін рұқсат құжаттарының мерзімі өткен немесе мерзімі өтіп кеткен біздің елдегі шетелдіктер құзыретті органдардағы өздерінің құқықтық мәртебесін дер кезінде реттеу үшін көші-қон қызметіне жүгінуі керек", – деді Нұрділдә Ораз.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу