6,6 млрд теңгенің субсидиясы әлі бөлінген жоқ

559

Павлодар облысында көптеген фермерлер Үкіметтен берілуі тиіс субсидияны ала алмай отыр.

6,6 млрд теңгенің субсидиясы әлі бөлінген жоқ

Әсіресе, күзгі жиын терім кезінде қаражат қажет-ақ.

Биыл ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау мақсатында республика бойынша 450 млрд теңгеден астам ақша бөлінген. Оның 32,9 млрды Павлодар облысына тиесілі.

Мемлекеттен берілуі тиіс субсидияның 6,6 млрд теңгесі өңірге әлі жетпей жатыр. Өстіп жүріп қолдаудан қағыламыз ба, деп алаңдаған кәсіпкерлер аймаққа сапарлап келген сала министріне сауалдарын жолдады.

Ведомство басшысы жыл соңына дейін қаржыландыру болады, деп сендіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу