6-74 жас аралығындағы қазақстандықтардың 92,9%-ы интернет қолданады

776

6-74 жас аралығындағы 10 қазақстандықтың 9-ы интернетке қосылған компьютер немесе гаджетті пайдаланады. 

6-74 жас аралығындағы қазақстандықтардың 92,9%-ы интернет қолданады Фото: www.sb.by

Пайдаланушылармен бірге интернеттің жылдамдығы да артып келеді, деп жазады, inbusiness.kz energyprom.kz деректеріне сілтеме жасап.

"2021 жылы 6-74 жас аралығындағы  жалпы халық  санында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланушылар үлесі 92,9%-ға жетті. 2020 жылы бұл көрсеткіш 88,2% болса, 2016 жылы 78,8%-ды құраған болатын", – деп жазады energyprom.kz.

Портал мәліметінше, қазақстандықтардың өмірін жеңілдететін кез-келген цифрлық шешімдер елді сапалы интернет байланысымен қамту деңгейін арттырумен бірге өзекті болып отыр.

Speedtest.net деректері бойынша Қазақстанда тұңғыш рет мобильді интернеттің орташа жылдамдығы желіден жүктеп алуда 38,3 мбит/с және интернетке жүктеп салуда 13,2 Мбит/с жетті.

Өз кезегінде, мобильді операторлардың wi-fi арқылы таратылатын интернетінен жүктеп алу жылдамдығы 72,6 мбит/с және  желіге ақпаратты жүктеп салу жылдамдығы 69,8 Мбит/с болып, рекордтық көрсеткішке жетті.

Мұндай жағдайларда цифрлық сервистердің көбеюі және кез келген қызметтерді онлайн алу мүмкіндіктерін кеңейту – банктік өнімдер, жылжымайтын мүлік сатып алу, мемлекеттік қызметтер – қоғамның үйлесімді дамуы үшін өзекті бола берері сөзсіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу