6 айда 24 млрд теңгенің киімі өндірілген

1100

Киім өндірісі 3 өңірде шоғырланған. 

6 айда 24 млрд теңгенің киімі өндірілген

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта киім өндірісінің көлемі 24,4 млрд теңге болды. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,5% артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрлігі COVID-19 пандемиясы байланысты 2021/2022 оқу жылында да оқушылар мектеп формасын кимейді, еркін форма болады деп шешім қабылдаған. Оның негізгі себебі – кезектің болуы (киім сатып алған кезде), COVID-19 жұқтыру қаупінің артуы, жұрттың бір жерде жиылуы, мектеп формасын сатып алған кезде ата-аналардың қалтасына артық салмақтың түсуі.

KTK телеарнасының мәліметінше, мектеп формасын тігетін компаниялар БҒМ-нің шешіміне көңілі толмайды. Өйткені олар жарты жыл бұрын мектеп формасын тігуге дайындықты бастап кеткен. Өндірушілер қажет материалдарды сатып алған, енді онымен не істерін білмей отыр. Осындай жағдай өткен жылы да болған.

2020 жылы сектордағы өндіріс көлемі 53,6 млрд теңге болды.
Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6,2% артық.

2021 жылғы қаңтар-маусымда киім өндірісі көлемінің жартысына жуығы 3 өңірге тиесілі: Алматы облысы (4,7 млрд теңге), Алматы қаласы (4 млрд теңге) және Қарағанды облысы (3,2 млрд теңге).

Киімнің көптеген негізгі түрі бойынша өсім байқалды. Мысалы, ерлер мен ұл балаларға арналған сыртқы киім өндірісі 4,4% немесе 89,8 мың данаға дейін өскен.

Машинамен немесе қолмен тоқылған сыртқы трикотаж киімдерін шығару 11,8% немесе 58,3 мың данаға дейін, ал свитер, жемпір және басқа да трикотаж өнімінің өндірісі 7,5% немесе 57,1 мың данаға дейін артты.

Қалпақ пен бас киімдер 35,7%, ал теріден жасалған киімдер мен аксессуарлар өткен жылмен салыстырғанда 42,4% артық шығарылды.

Сондай-ақ әйелдер мен қыздарға арналған сыртқы киім (2 есе), сәбилерге арналған трикотаж киімі (25,8%) және шұлықтар (1%) өндірісі төмендеген.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу