6 айда әуе компаниялары 4 млн-ға жуық жолаушы тасымалдаған

1028

Биыл әуе компаниялардың қызметін 9 млн-нан аса адам пайдалануы мүмкін.

6 айда әуе компаниялары 4 млн-ға жуық жолаушы тасымалдаған

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта (қаңтар-маусым) қазақстандық әуе компаниялар 4 млн-ға жуық жолаушыны тасымалдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, биыл 6 айда отандық әуе компаниялар 3 млн 973 мың 150 жолаушыға қызмет көрсеткен.

"Оның ішінде ішкі желілерде 3 млн 488 мың 675 жолаушы, халықаралық желілерде 484 мың 475 жолаушы тасымалданған. Өткен жылы COVID-19 пандемиясына байланысты жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуі байқалды. 2020 жылғы 12 айда
қазақстандық әуе компаниялар 5 млн 260 мың 14 жолаушыны тасымалдады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 27%-ға төмен", - деп жазылған хабарламада.

Отандық әуе компаниялардың (Air Astana, Scat, Qazaq Air, FlyArystan) болжамы бойынша осы жылдың соңында жолаушылар саны 9 млн 93 мың 22-ге өсуі тиіс.

"Оның ішінде (2021 жылы) Air Astana әуе компаниясы – 3 млн 482 мың 790 жолаушы, Scat компаниясы – 1 млн 569 мың 410 жолаушы, Qazaq Air әуе компаниясы – 575 мың 996 жолаушы, нарыққа жақында кірген FlyArystan әуе компаниясы 3 млн 464 мың 826 жолаушы тасымалдауды жоспарлап отыр. Осылайша, биыл жолаушылар ағынының саны 2019 жылғы көрсеткіштен (7 млн 227 мың 127 жолаушы) асатын болады", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу