6 айда әуе компаниялардың табысы 1,5 есе өскен

626

Әуе қызметін пайдаланатын жолаушылар саны 9 млн-нан асуы мүмкін.  

6 айда әуе компаниялардың табысы 1,5 есе өскен

Биыл қаңтар-мамырда әуе компаниялары жолаушылар тасымалынан 141,6 млрд теңге табыс тапқан. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта әуе компаниялары 4,2 млн жолаушы тасымалдаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 79,6% артық.

2020 жылы жолаушылар тасымалы бірден 35,8% қысқарған.

Биыл коронавирус пандемиясына қарамастан жолаушылар саны айтарлықтай өсіп, рекордтық көрсеткіш тіркелген. Олардың басым бөлігі Алматы әуежайына тиесілі: 3 млн жолаушы. Кейін тізімде Шымкент (905 мың жолаушы) және Нұр-Сұлтан (278,9 мың жолаушы) тұр.

Алматы және Қарағанды облыстарының әуежайына 3,9 мың және 1,2 мың жолаушы келген.

4,2 млн жолаушының 4 млн-ға жуығы отандық әуе компаниялардың қызметін пайдаланған. Оның ішінде 3,5 млн жолаушы ішкі рейс, ал 484,5 мың жолаушы халықаралық рейспен ұшқан.

Сонымен қатар 3 млн жолаушы (оның ішінде 2,5 млн жолаушы – ішкі рейс) Air Astana-мен ұшқан.

2021 жылдың соңына дейін қазақстандық әуе компаниялар жолаушылар саны 9,1 млн-нан асады деп болжам жасап отыр. Оның ішінде Air Astana мен FlyArystan – 3,5 млн жолаушы, SCAT Airlines – 1,6 млн, Qazaq Air – 576 мың.

2020 жылы ұшақпен 5,5 млн жолаушы ұшқан, ал 2019 жылы олардың саны 8,6 млн болған еді.

Биыл қаңтар-маусымда отандық әуе компаниялар жолаушылар тасымалынан 141,6 млрд теңге табыс тапқан. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу