6 айда БЖЗҚ салымшыларына 20 млн қызмет көрсетілген

915

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына 20 млн қызмет көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz БЖЗҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 айда БЖЗҚ салымшыларына 20 млн қызмет көрсетілген

Биыл 1 шілдеге дейін БЖЗҚ салымшыларға 20,3 млн қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44,1%-ға көп. Ал электронды форматта 15,1 млн-нан қызмет көрсетілген: бұл қызметтердің жалпы көлемінің 74,4%-ы. 

"Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызмет көрсету 2 есе өсті. БЖЗҚ сайты және ұялы қосымшадағы жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында ала алады. Бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру және тағы басқа қызметтер", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ автоматты форматта 2,95 миллион қызмет көрсетілді: жалпы көрсетілген қызметтің 14,5%-ы. Салымшылар шамамен 1,3 миллион қызметті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кеңсесіне барып алған. Қазақстан бойынша 183 қызмет көрсету нүктесінде салымшыларға 1 млн 284 мың 489 қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 556,4 мың қызметке немесе 76,4%-ға артық.

"2021 жылғы 6 айда шалғайдағы елді мекендерде "Қазпошта" АҚ-ның бөлімшелері арқылы 8 538 қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көп", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу