6 айда көлеңкелі экономикадан келген шығын 38 млрд теңгеге жетті

928

Қаржы мониторнигі комитеті осыған қатысты 743 қылмыстық іс қозғаған.  

6 айда көлеңкелі экономикадан келген шығын 38 млрд теңгеге жетті

Жарты жылда көлеңкелі экономикадан келген шығын 38 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның 560-ы сотқа жіберілген. Жалпы соманың 32 млрды бюджетке қайтарылатын қаражат. 21 млрд теңге мемлекеттің қазынасына қайтарылса, қалған 9,6 млрд теңгеге тең мүлік тәркіленді.  Ең жиі жасалған қылмыс - жалған ақшамен ұсталғандар. Мұндай 161 іс тіркеліпті. Заңсыз ойын автоматтарымен 117 іс қаралды, олардың 160 автомат орнатылған нүктесі жойылған. Қаржы пирамидасымен 29 қылмыстық іс қозғалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу