6 айда ломбардтардың таза жиынтық пайдасы 19 млрд теңгеден асты

682

116 ломбард шығынға батқан.

6 айда ломбардтардың таза жиынтық пайдасы 19 млрд теңгеден асты

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта елдегі ломбардтардың таза жиынтық пайдасы 19 миллиард теңгедан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл қаңтар-маусымда ломбардтардың жиынтық табысы 68 млрд теңге болды, оның ішінде 43,7 млрд теңгесі сыйақыдан түсті.

6 айда ломбардтардың шығыны – 46,2 млрд теңге, оның 16,2 млрд теңгесі – операциялық шығын. Ломбардтардың корпоративтік табыс салығының жиынтық көлемі – 2,8 млрд теңге. 

Бірінші жартыжылдықта корпоративті салықты төлегенге дейінгі таза пайда – 21,8 млрд теңге, салықты төлегеннен кейінгі таза пайда 19 млрд теңге болды.

2021 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстандағы 594 ломбардтың бөлінбеген пайдасы – 17,9 млрд теңге. Сектордағы жоғары табысқа қарамастан 594 ломбардтың 116-сы шығынға батқан. Олардың жабылмаған шығыны – 656,8 млн теңге.

Үздік 20 ломбардтың бөлінбеген пайдасы – 14,9 млрд теңге.

Биыл қаңтар-маусымда "М-Ломбардтың" бөлінбеген пайдасы 4,2 млрд теңге болған. Осылайша, ол көшбасында тұр. Одан кейін тізімде "МК-Ломбард" (2,5 млрд теңге) және "Астра-Ломбард" (1,7 млрд теңге) тұр.

Бөлінбеген пайданың 1 млрд теңгеден астамы төмендегі ломбардтардың әрқайсысының үлесінде: "Сенімді іргетас", "Сейф Ломбард" және "МК-Алтын Ломбард".

2021 жылғы қаңтар-маусымда Auto money (176,3 млн теңге), Bravo Lombard (68,6 млн теңге), "Тез Ломбард" (47,6 млн теңге) және Golden Capital – 2007 (45,8 млн теңге) ломбардтарында айтарлықтай шығынға ұшыраған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу