6 айда мүгедектердің құқығы 1,9 мыңнан аса рет бұзылған

606

Анықталған заңбұзушылықтарды жоюға 379 нұсқама берілген.

6 айда мүгедектердің құқығы 1,9 мыңнан аса рет бұзылған

2021 жылғы 6 айда мүгедектер құқығының бұзылуының 1,9 мыңнан аса дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменттері жүргізген тексеру барысында әлеуметтік инфрақұрылымның 379 нысанында "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" заңдарын 1918 рет бұзу дерегі анықталған.

"Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет және көлік қызметін көрсету салаларындағы нысандарда заңбұзушылықтарды анықтау бойынша, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету тұрғысынан 469 бақылау іс-шарасы өткізілді. Осыған байланысты 312 тексеріс жоспарлы түрде және 157 тексеріс азаматтардың өтініші негізінде жоспардан тыс жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.

Тексеріс нәтижесінде "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңның 1603 рет бұзылуы және "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" заңның 315 рет бұзылуы анықталды. Мұнда 1,5 мыңнан аса заңбұзушылық мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына, мәдени-ойын-сауық ұйымдары мен спорт ғимараттарына кіріп-шығуын қамтамасыз етпеумен байланысты.

"Тексеріс нәтижесінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және оларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында анықталған заңбұзушылықтарды жоюға 379 нұсқама берілді, олардың 71-і бойынша жалпы сомасы 7,4 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу